Бүгін Ұлттық теңгеміздің 25 жылдығына орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен Отырар аудандық Көкмардан жалпы орта мектебі бірлесіп ұйымдастырған «ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ БОЛҒАН ТӨЛ ТЕҢГЕ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жастарды
өз мемлекетіне деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухқа тәрбиелеу, Қазақстанның Тәуілсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту мақсатында өткен шарада «ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ» атты көрмені көпшілікке таныстырудан
бастау алды. Ортағасырлық теңгелер, Кеңес Үкіметі кезіндегі рубльдер, тәуелсіздік алған жылдардағы банкнот қағаз ақшалар қойылған көрмені Г.Арыстанбаева таныстырды. Шара барысында музей қызметкерлері Г.Байсариева «15-қараша Ұлттық валютамыз теңгенің айналымға енген
күні», Г.Маябасова «Отырардағы теңге айналымы» және Көкмардан жалпы орта мектебінің мұражай жетекшісі Н.Есибаеваның «Ақша тарихы және ақша жүйесі» тақырыбында дайындаған баяндамаларын оқып, слайд көрсетілді. Жиында сөз алған музей қызметкерлері Е.Әбдіуахитов, Д.Жұмаханұлы,
Қ.Кемелова, С.Айтбайлар және де мектеп оқушылары теңгеге байланысты ойларын ортаға салды.