2017жылы 17-шілде күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырған «Фараб – Отырар өркениеті» тақырыптық көрмесінің ашылу салтанаты болды. Аталған көрменің мақсаты Қазақ өркениетінің алтын діңгегі – Отырар тарихын еліміздің аймақтарында кеңінен насихаттау.
Көрменің ашылу салтанатына Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қалмаков Ерлан Болатұлы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің доценті, т.ғ.к. Исенов Утеген Ихсанович, т.ғ.д. профессор Легкий Дмитрий Максимович, ҚМПИ доценті, т.ғ.к. Бекмагамбетова Майсара Жаугаштиновна және т.б. қонақтар қатысты. Оңтүстіктен барған бұл көрмені Қостанай халқы зор қуанышпен қарсы алып, аса қызығушылықпен тамашалады. Көрме жұмысы 1 айға созылмақ.