Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламасы» тарихи оқиғасының 295 жылдығына орай «Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген қазақ халқының ұлт азаттық күресі мен сол кездегі саяси жағдайлар туралы көпшілікке мағлұмат беру болып табылады. Жиынға аудандық білім және мәдениет саласының қызметкерлері, Отырар аудандық балалар және жасөспірімдер орталығының үйірме мүшелері, Отырар аудандық жас туристер стансасының жетекшілері қатысты.
Музей ардагері, археолог Н.Алдабергенов дөңгелек үстелді ашып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресіндегі тарихи оқиғаларға тоқталды. Келесі кезекте сөз алған «Отырар аудандық балалар және жасөспірімдер орталығы» МКҚК меңгерушісі А.О.Қуанышбаева өскелең ұрпақтарға тәуелсіздік жолында күрескен тұлғаларды ұлттық құндылықтар ретінде тануды және оны кеңінен насихаттау барысында жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты. Шара аясында ғылыми қызметкерлер Н.О.Сералы және С.Т.Сыздықовтар «XVIII ғ қазақ хандығындағы ішкі-сыртқы саясаты», «Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі» тақырыптарында дайындаған баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ, аудандық балалар және жасөспірімдер орталығының «Өлкетану тарихы» үйірмесінің мүшелері Қалдан Серік, Қазыхан Шұғыла, Бидәулетова Зейнеп және Шералиева Әзизалар ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі туралы дайындаған жырларын оқып, оларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады