2019 жылы 11 маусым күні Жезқазған қаласындағы Жезқазған тарихи археологиялық музейінің Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жезқазған тарихи археологиялық музейінің бірлесе ұйымдастыруымен "Ұлы даласы мұрасы" халықаралық музейлер фестивалі өтті.
Фестиваль аясында "Тарихта өз атыңды қалдыр" акциясы,"Хас шеберлер шеруі" шеберлік сабақтар,"Ұлы дала мұрасы" экспозициясының ашылуы,Меморандумға қол қою рәсімі бағдарламалары бойынша өтсе, түскі үзілістен кейін музей мәжіліс залында "Көне дәуір куәгерлері" - құнды әрі сирек кездесетін жәдігерлер таныстырылымы болды.
Осы таныстырылымға Отырар қорық-музейі қызметкерлері М.Байтасов,Ж.Өскенбаевалар қатысып, презентация барысында ғылыми қызметкер Мақсат Байтасов "Музей қорындағы қару-жарақтар коллекциясы" тақырыбында слайд көрсетіп, Отырар қорық-музейі қорындағы жәдігерлерден тың мағлұматтар берді.
Аталған шараның екінші күнінде "Музей қызметінің жаһандық жаңаруы - заман талабы" музей мамандарына арналған семинар-тренинг ұйымдастырылып, барлық қатысушы музей мамандарына шетелден келген және отандық ғалымдар дәрістер оқыды.
Мысалы: Түркия мемлекетінен келген ғалым Айша Чакир Илхан "Музей ілімі",отандық ғалымдар Оразымбетова Бақыт Камалқызы "Туризм и охрана нематериального культурного наследия",Қартаева Тәттігүл Ерсайынқызы "Музейлік жәдігерлерді пәнаралық зерттеу және музейлік далалық экспедицияның маңызы",Плетникова Лариса Николаевна "Смотреть в лицо реальности.
"Штрихи к портрету" Актуальной музейной выставки",Абжанова Салтанат Агзамовна "Экскурсионное обслуживание как важный фактор в развитии внутренного и въездного туризма" тақырыптарында дәрістер оқыды. Осы дәрістерді семинар-тренингке қатысушы Отырар мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері М.Байтасов,Ж.Өскенбаевалар тыңдап, семинар соңында арнайы сертификаттар марапатталды.