Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі" Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Қолөнер ұлттық құндылығымыз" тақырыбында мәдени мұраларымызды зерттеуге бағытталған этнографиялық экспедиция ұйымдастырды.
Бүгінгі халқымыздың мақтанышы, ертеңгі болашақ үшін баға жетпес мұраны жеткізуші шеберлердің еңбектерін зерттеп, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін болашақ ұрпаққа жеткізу үшін сұхбаттасу, мұражай қорын толықтыру мақсатында ұйымдастырылған экспедицияда музей қызметкерлері Отырар, Қарғалы, Аққұм, Көксарай елді мекендеріне болып, қолөнер шеберлерімен сұхбаттасып, олардың төл туындыларын музей қорына қабылдады.
Атқарылған шара нәтижесінде музей қорына тоқыма бұйымдары және ағаш ұсталарының қолөнер бұйымдары сыйға берілді. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту және келер ұрпаққа табыстау - басты парыз екенін мақсат еткен алтын қолды шеберлерімізге алғысымызды білдіре отырып, еңбектеріне толағай табыс тілейміз!