Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының №88 бұйрығына сәйкес Махашов Жангелді Меңлібайұлы "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі" РМҚК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Мекеме ұжымына жаңа басшыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департамент директорының орынбасары Мақсат Арғынбеков таныстырды. Ол өз сөзінде Отырар қалажұртында атқарылып жатқан археологиялық зерттеулер мен реставрациялық жұмыстарды атап өтіп, алдағы уақытта жаңа басшының музейдің дамуына үлес қосатындығына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.