Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің" ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Отырар қорғанысының 800 жылдығына орай «Қамалы бекем, халқы қайсар- Отырар» (Отырар қорғанысына 800 жыл) тақырыбындағы жоспарлы жылжымалы көрмесі Алматы қаласында жалғасын тапты.
5 тамыз күні Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде тағылымы мол көрменің салтанатты ашылу рәсімі болды. Аталған іс-шараға қаладағы «Батыр» Президенттік полкының сарбаздары Қ.Р Орталық мұрағаты мен Қ.Р Ұлттық кітапханасының қызметкерлері, музей қызметкерлері, археологтар,
БАҚ өкілдері және оқушылар сарайының жеткіншектері қатысты. Көрме экспозициясымен көпшілікті Отырар қорық-музейінің таныстырушысы Нұрсейіт Номанұлы таныстырды. Көрмені Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары 29 тамызға дейін тамашалай алады.