Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі жаңартылған экспозициясын 2018 жылдың 1 наурызында ашайын деп отыр. Заманауи технологияларды пайдалана отырып жасалған музей экспозициясы өлкенің ежелгі (неолит және қола) дәуірінен бастап, Отырардың күрделі де қызықты, қасіретті де даңқты екі мыңжылдық қалалық мәдениеті мен тарихынан сыр шертеді. Экспозицияда орын алған жәдігерлер, осы өңірдің ежелгі тұрғындарының рухани-материалдық, саяси-әлеуметтік өмірі туралы көрермендерге мейлінше толық мәлімет береді. Экспозиция жұмысы мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелерді жүзеге асыруға, атап айтқанда, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге, ұлттық рухты мәңгі етуге септігін тигізеді деп сенеміз. Сіздерді Отырар экспозициясын тамашалауға шақырамыз!
Музейдің ресми ашылуы 2018 жылы 1-наурыз сағат 15:00