19 Қыркүйек күні, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында, «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» РМҚК ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Абылай хан Резиденциясы мұражай-кешенінде» «Фараб-Отырар өркениеті» тақырыптық жылжымалы көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты мұражай қорындағы асыл жәдігерлерімізді көпшілік назарына ұсына отырып, Отырар өңірінің ортағасырлық тарихын Қызылжар халқы мен қонақтарына насихаттау. Аталған іс-шараға облыстық мәдениет басқармасы және қалалық мәдени мекемелердің басшылары, жоғары оқу орындарының студенттері, жергілікті өлкетанушы тарихшылар және БАҚ өкілдері қатысты. Аталған көрме жұмысы қазан айының соңына дейін жалғасын таппақ.