4 қазан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туристік кластерді дамытуда музей қызметінің маңызы мен ықпалы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытында музей ісін дамытудың негізгі мәселелері, кәсіби стандарттарды жетілдіру, туристік кластерді дамыту болып табылады. Семинарға «Ontustik tourism center» туристік ақпараттық орталығы, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі, бірнеше облыстық
музейлер, Әбу Нәсір әл-Фараби атындағы руханият музейі қызметкерлері қатысты. Семинар барысында елімізде туризмді дамыту бағыттары, музей экспозициясына туристерді тарту жолдары, туризмді дамытудағы музей қызметінің ықпалы туралы бірнеше баяндамалар тыңдалып, қатысушылар тарапынан әртүрлі ұсыныс-пікірлер айтылды. Семинар соңында шарада қарастырылған түйткілді мәселелер мен ұсыныс-пікірлер бойынша қарар қабылданды.