2018 жылдың 14 желтоқсан күні Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының Еділ қалмақтарына қарсы Тәуелсіздік жолындағы азаттық күресі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның мақсаты: Қазақ хандығының ел тәуелсіздігін сақтау жолындағы қалмақтарға қарсы ерлік істерін жас ұрпаққа насихаттау, түсіндіру. Дөңгелек үстелдің шымылдығын Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінің кіші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының магистрі
Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы ашып, «Әбілқайыр мен Сәмеке хандардың Еділ қалмақтарына қарсы азаттық күресі» тақырыбында кезекті ғылыми баяндамасын оқыды және қазақ хандығының Түркістанды қалмақтардан азат етілгендігі жөнінде бейнебаянын мектеп оқушыларының назарына ұсынды. Іс – шара барысында директордың ғылыми – ісі жөніндегі орынбасары Бейсенова Гүлмира Қалдыкерейқызына сөз беріліп, қазақ – қалмақ соғысының тарихи маңыздылығына тоқталып, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған көшпенділердің тарихи
жетістіктерін ортаға салды. Іс – шара соңында кіші ғылыми қызметкер, философия ғылымдарының магистрі Абдуахитов Ерқожа «Ұлы даланың жеті қыры – қазақ халқының рухын тірілтудің тарихи феномені» тақырыбында 8-9-10-11сынып оқушыларымен пікір алмасу өткізіп, Президентіміздің мақаласына қатысты талқылау мен талдау жұмыстарын жүргізді. Шара соңында жоғары сынып оқушыларымен бірге мектеп мұражайына экскурсия жүргізіліп, мұражай жетекшісі Тоқберген Мадина ханымға үлкен алғысын білдірді. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.