ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде» РМҚК Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Отырар қалажұрты маңынан салынған «Сапар орталығының» ашылу салтанаты, «ОТЫРАР ҚАЛАЖҰРТЫ ҚАЗАҚСТАНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ІСІНІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция 2019 жылы желтоқсан айының 1-і күні өтеді Конференцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК
Конференцияның ғылыми-тәжірибелік бағыттары:
• Қазақстан археологиясының жетістіктері;
• Отырар қалажұртын зерттеу ісіндегі реставрациялық, консервациялық жұмыстардың нәтижелері;
• Музей қорындағы мәдени мұраны сақтау;
• Тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалуын қамтамасыз ету;
Конференцияның қызметтік тілдері: қазақ, орыс.
Конференция жұмысына қатысуға ниет білдірушілер 2019 жылдың 24 қарашасына дейін Ұйымдастыру комитетіне ұсыну керек:
- қоса берілген форма бойынша қатысуға өтініш білдіру;
- төменде берілген талаптарға сәйкес рәсімделген баяндаманың (баяндамалардың) тезистері.
- Конференция жинағына мақалалар 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қабылданады. Материалдар жинағы авторларға конференция өткеннен кейін тегін таратылады.
Конференцияда оқу үшін дайындалған материалдар келесі мекен-жай бойынша қабылданады:
Инд: 160700,Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, №1 үй.
«Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК.
Электронды мекен-жайы (е-mail): аklima.zhumashova@bk.ru Turlibek_80@mail.ru
Анықтама үшін телефон: 8(705) 770-52-85, 8 (705) 713-66-00
Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші (қатысушы) тарапынан.
Баяндамаларды рәсімдеуге арналған талаптар
А4 (210х297 мм) форматындағы 8 толық беттен аспайтын, оның ішінде суреттер және кестелер көлеміндегі тезис мәтіні Microsoftword (құжат кеңейтімі: .doc) мәтіндік редакторда TimesNewRoman (KzTimesNewRoman, Times/Kaz және т.с.с.) қарпімен, өлшемі – 14, интервалы – дара, өрісі: барлық жағынан 2,5 см., шегініс маржасы 0,8 см. талаптарына сәйкес терілуі тиіс. Қайнар көздерге сілтеме төртбұрыш жақшаларда [1, 24 б.] беріледі, сілтемелерді нөмірлеу мәтін бойында үздіксіз болуы тиіс. Толық библиографиялық тізім мәтіннің соңында бір интервал арқылы беріледі.
Тезистердің мәтіні жақсы сапамен басып шығарылған (парақ нөмірін көрсетілуі қажет) қағазда бір данада және электронды түрде ұсынылуы тиіс. Өзге қаланың қатысушылары үшін тек электрондық пошта бойынша рұқсат етіледі.
Электронды нұсқадағы өтініш, баяндама тезистері бойынша құжаттардың көшірмесі жеке файлдармен ұсынылады. Файлдардың атауында бірінші бетте ортада автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың атауы көрсетілуі тиіс.
Мәтін түзетілмейді және түпнұсқа болып табылады. Семинар материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісімен алынады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сәйкес болуын мұқият өңделген түрде материалдарды ұсыну қажеттілігіне назар аударамыз.
Талаптары сақталмаған немесе белгіленген мерзімнен кешірек берілген, сондай-ақ жариялауға ғылыми мүдде бермейтін құжаттардың тезистері қабылданбайды және қайтарылмайды.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Инд: 160700,Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, №1 үй. «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК.
Сұрақтар мен ұсыныстарды төмендегі жауапты қызметкерлерге жолдауларыңызға болады.
Жұмашова Ақлима
Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімінің меңгерушісі
жұмыс тел.: 8(725-44) 21-1-50
ұялы тел.: +7 705 770 52 85
Үрзия Жұмабайқызы
Баспасөз хатшысы
жұмыс тел.: 8(725-44) 21-1-50
ұялы тел.: +7 705 897 68 81