Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы «Сапар орталығы» экспозициясының ашылуы өтті.
Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Сейітова Күміс Қарсақбайқызы мен аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов және тарихшы, музейтанушы ғалымдар мен бақ өкілдері қатысты.
Шарада департамент директоры мен аудан басшысы сөз алып, Фарабидің ілімі мен өмірін тануға арналған жиынға келген тарихшылардың жұмысына сәттілік тіледі.
Шара барысында халық ақыны Әселхан Қалыбекова топырақ астына көмілген тарихымызды зерттеуге ерекше назар аудару керектігін жыр шумақтарымен әсерлі жеткізіп, ғалымдарға ой салды.
Мұнан соң қонақтарға туристерге кешенді қызмет көрсететін орталықтың экспозиция залын тамашалау ұсынылды. Көпшілікке ұсынылған экспозициялық зал «ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы» бұрышынан бастау алып, Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында ғұлама ғалымға арналған зал көпшілік назарына ұсынылды. Залды ашудағы басты мақсат, Фарабитану ғылымын пайдалана отырып, тұлғаға қатысты ғылыми және заттай деректерді мейлінше ашып көрсету болатын.
Экспозицияда Әбу-Насыр әл-Фарабидің ғылым мен өнер саласындағы еңбектері, Отырардағы ғылым мен мәдениет, өнерге қатысты артефактілер сонымен қатар Фарабитанушылардың еңбектері заттай дерек ретінде қарастырылды.
Экспозициядан орын алатын Фараби бөлмесінің макетінде мұсылман әлемі ойшылдарының көш басында тұрып, шығыста күрделі алгебра, астрономия тағы басқа ғылымдардың дамуына әсер еткен өзі болса, әлеуметтік мәселеде ортағасырлық гүлденген шығыс қалаларының орталығында болып ғалымдармен кездесіп, адамзаттың үйлесімді өмір сүруіне озық ойлы трактаттарын жазуы, философия, әлеуметтану ғылымдарын дамытуы, математика ғылымын дамытуы.
Адам табиғатының айнасы музыка ілімін зерттеуі, сол өнердің мәнін ашуы. Ұлы Ұстаздың – Ұстаздар туралы көзқарасында шәкірттер тәрбиелеудегі жетістіктерге жетелейтін жолдарға тыңғылықты пікірін қалдыруы, қажырлы еңбек талмас ой зерттеуден жалықпаған ғылым жолы осы экспозицияда көрсетілген. Сонымен қатар Осы орталықтан орын алған отырарлық суретші Әділхан Мәліктің «Отырар шұғыласы» атты уақытша сурет көрмесіде Әбу Насыр әл-Фарабиге арналды.