Айналамыздағы табиғатқа жанашырлықпен қарау, ортақ үйіміз – Жер ананы аялау баршамызға парыз. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі «Сапар орталығының» ауласына 300 түп жеміс ағаштар отырғызды. Ағаш — табиғаттың ерекше жаратылған бір көркі. Орталық айналасының гүлденіп, көріктеуіне үлес қосып жатқан музей қызметкерлері Наурыз мерекесі аясында жыл сайынғы дәстүр жалғасын тауып жатқандығын айтып, ерекше күтім қажет ететін жеміс ағаштар (алма, өрік, алмұрт, сарғалы) келешекте ұрпаққа жемісін беретіндігіне сенімді.