I-XIII ғғ. (археол.). Қоғам ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км жерде, Отырар төбеден батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т433635 UTM 4747978. 1948 жылы Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1966-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев), 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы зерттеген.
Жалпақтөбе – күрделі фортификациялық жүйесі бар, Сырдарияның ірі меандрларының бірінің қасында орналасқан қалажұрт. Жосыны тікбұрышты екі деңгейлі төбе, өзінің ұзын жағымен солтүстік-солтүстік-шығыстан оңтүстік-оңтүстік-батысқа созылып жатыр. Қабырға шайындыларының етегінен есептегенде төбенің көлемі 365х190 м.