Бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен Павлодар облысы Г.Н Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Қамалы бекем, халқы қайсар - Отырар» (Отырар қорғанысына 800 жыл) тақырыбында көрме ашылды.
Көрменің ашылу рәсіміне арналған алғашқы сөзді Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Бекболатұлы Мейірманов алды. Өз сөзінде екі облыс арасындағы мәдени байланыстың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар Павлодар қаласындағы Марғұлан орталығының директоры Смағұлов Тимур Нұрланұлы және осы мекеменің археолог, реставраторы Татьяна Николаевна Крупе сөз алып, қазіргі таңдағы Қазақстан археологиясында Отырардың алатын орны жайында, келешек ұрпақты археология ғылымына қызығушылығын арттыру жолдары жөнінде және өздерінің жастық шақтарында Отырарда өткен тәжірибелері жөнінде айтып өтті.
Көрмеге Сарыарқа самалы газеті, Павлодар News, «Ирвис» телеканалы, Облыстық радио БАҚ өкілдерімен қатар университет студенттері, қала қонақтары қатысты.