Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлері мен Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің жастар ісі жөніндегі инстекторы Сейітмұрат Жаннаның ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ғылыми – танымдық сабақ өтті.
Шара барысында «Тарихы терең Отырарға 85 жыл» тақырыбында көрме көрсетіліп, 1938-1940 жылдары аудан басшыларының тұтынған заттары мен өлкенің тарихын айшықтайтын фотосуреттер таныстырылды.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Этнография бөлімінің ғылыми қызметкерлері Г.Маябасова «Абай мұрасы –ұлтымыздың рухани байлығы», М.Ахмет «Абай ілімі және бүгінгі қазақ философиясы» және Ж.Өскенбаева «Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты 100 сұрақ», Қ.Кемелова «Абай мұрасының насихатталуы» тақырыптарында танымдық дәрістер оқылды. Танымдық сабақ аясында оқушыларға сұрақтар қойылып, ой-пікірлері тыңдалды.