Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы жарлығымен «12 сәуір ҚР ғылыми қызметкерлер күні» болып бекітілген болатын. Аталған мерекені ғылыми орталықтар мен білім ордаларында атап өту үрдіске айналып келеді. Осыған орай, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлері Отырар өңірінің зерттелу тарихы мен ғалымдардың еңбектерін жас жеткеншектерге насихаттап, рухани тәрбие беру мақсатында «Отырарды зерттеген ғалымдар» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
«Көкмардан» жалпы орта мектебінің жас өлкетанушылары мен мектеп мұғалімдері қатысқан шарада Отырар қорық-музейінің экспозиция залын таныстырумен бастау алды. Шара барысында оқушыларға Отырарды зерттеген ғалымдардың еңбектері туралы тың деректер беріліп, ғалымдардың еңбектері мен сол кезеңдегі қазба жұмыстарын баяндайтын слайд көрсетілді. Көкмардан жалпы орта мектебінің мұғалімі Ақжол Пернебекұлы Отырар өңірін зерттеуші ғалымдар туралы көптеген мәліметтер алғандығын жеткізіп, іс-шараны ұйымдастырушыларына өз ризашылығын білдірді.