Тарихтан сыр шертетін сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай 18-мамыр Халық¬аралық музейлер күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырғалы отыр. 15-мамыр күні Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астананың 20 жылдығы мен 18-мамыр Халықаралық музей күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі қолөнер шеберлері мен суретшілер жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкенің мақсаты жергілікті қолөнершілер мен суретшілердің қолынан шыққан туындыларын көпшілік назарына ұсына отырып, өңірімізге келетін туристердің халқымыздың қолөнеріне деген қызығушылығы мен сұранысын тудыру. Сондай-ақ, Жәрмеңкеге қатысушылар өз туындыларын көпшілікке насихаттаумен қатар сатылымға шығара алады. Жыл сайынғы музейлер мерекесінде осы іс-шараны дәстүрге айналдыру арқылы өңірімізде атадан-балаға мирас болған ұлттық өнерді қайта жаңғырту болып табылады. Өтетін уақыты: 15 мамыр күні сағат 10-00 Өтетін орны: Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі
18-мамыр күні Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтары Халықаралық музей күніне орай «Ашық есік күні» және «Музей түні» акциясына қатыса алады. Осы күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінде сағат 09:00-22:00 аралығында қонақтар үшін «КӨНЕ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР» атты тақырыптық-экспозициялық жос¬пары негізінде жасалынған Қазақ тарихымен, мәдениетімен таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсия ұйымдастырылады. Сондай-ақ, адам өмірінде және қоғамда музейдің алар орнының маңыздылығын түсіндіру, музей құндылықтарына деген халықтың ықыласын арттыру мақсатында «Музей - халық қазынасы» тақырыбында тарихи – танымдық кеш өтеді. «Музей- халық қазынасы» тарихи - танымдық кеш 18-мамыр күні сағат 20:00 де басталады.