Мамыр айының 19 күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі мен Отырар ауданы Жасөспірімдер мен балалар орталығы бірлесе "Тарихи тұлға, көшбасшы жəне саясаткер - Абылай хан" тақырыбында ғылыми-тəжірибелік семинар ұйымдастырды. Аудан көлемінде өткізілген шарада тарих пәні мұғалімдері мен тарихи өлкетану мұражайының жетекшілері жəне мектеп оқушылары баяндама оқып, Отырар қорық – музейі тарапынан дайындалған сертификаттар табыс етілді. Сонымен қатар, "Қазақ хандығы тұсындағы Отырар" тақырыбында көрме қойылды. Семинар соңы "Тəуелсіздік шежіресі" тақырыбында ұйымдастырылған концертке жалғасты.